Белгілі жазушы-журналист Мұхтар Түменбай дүние салды

Белгілі журналист, жазушы Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол 1970 жылы 11 тамызда дүниеге келген, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы хабарды әріптесі Серікқали Мұқашев мәлімдеді.
"Асылдың сынығы еді. Тұлпардың тұяғы еді. Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз - белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айырылып қалдық… Бақұл бол, бауырым…", - деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






