«Бетін қайтара алмадық»: Ақбаян Мұқанғалиева қылмыстық істен кейін алғаш рет балаларымен кездесті
Атырауда күйеуі әке-шешесі мен бауырларын өлтіргеннен кейін психикалық денсаулық орталығында ем алған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шығып, балаларымен кездесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Tengrinews.kz дерегінше, Ақбаян Мұқанғалиева Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген. Оның жағдайы туралы Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Ғиниятова мәлімдеді.
Оның айтуынша, Мұқанғалиева емдеу курсынан кейін ауруханадан шыққан. Алайда әйелдің емі әлі де жалғасуы мүмкін. Туыстарының сөзінше, ол психикалық денсаулық орталығына тағы 10 күнге жатуды жоспарлап отыр.
Мұқанғалиева балаларымен өткен аптада алғаш рет жүздескен.
«Ол балаларына алғаш рет өткен аптада келді. Бір-екі күн бұрын екінші рет келіп, ауруханаға тағы он күнге жататынын айтты. Екі рет те анасы туыстарымен бірге кешкі уақытта, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келген. Бірінші рет шамамен 19:30-да, екінші рет 20:30 шамасында болды», – деді Құндыз Ғиниятова.
Мекеме қызметкерлері анасының балаларымен кездесуіне мүмкіндік берген.
«Оның келмегеніне көп болғандықтан, балаларымен жүздесуге рұқсат бердік. Бетін қайтара алмадық. Балаларын көрсін, олар да анасын күтіп жүр ғой», – деді ол.
Қазіргі уақытта әйелдің 10, 8, 5 және 4 жастағы төрт баласы бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Үш бала мұнда 2 ақпанда, ал тағы бір қызы 9 сәуірде орналастырылған. 2025 жылы туған 1,5 жасар ең кіші ұлы мамандандырылған балалар үйінде қалып отыр.
Мекеме өкілдері балалардың денсаулығы қанағаттанарлық, ал эмоционалдық жағдайы тұрақты екенін жеткізді. Мектеп жасындағылары оқуын жалғастыруда. 10 жасар қызы 4-сыныпта, 8 жасар ұлы 3-сыныпта оқиды. Мұғалімдер орталыққа арнайы келіп, кесте бойынша сабақ өткізеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0