«BI Group 11.9 млрд, BAZIS-A 4.6 млрд теңге кірісін төмендетіп көрсеткен»: Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады

Наурыз 1, 2025 - 12:09
 0  50
«BI Group 11.9 млрд, BAZIS-A 4.6 млрд теңге кірісін төмендетіп көрсеткен»: Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: bestmedia.kz

Елімізде ірі құрылыс компаниялары кірісін төмендетіп көрсетіп, салықтан жалтарған. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлайды.

 - Мемлекеттік кіріс органдары BAZIS-A компаниясына салық салынатын кірістердің 4,6 млрд теңге сомасына, сондай-ақ BI Group компаниясына 11,9 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткені туралы хабарлама жолдады. Аталған жұмыс арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын субъектілердің өзара есеп айырысуын талдау шеңберінде 2022 - 2023 жылдары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істеген компанияларға байланысты жүргізіліп отыр, - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, аталған компаниялар арнаулы салық режимін төлемді азайту үшін пайдаланған.

- Осы орайда камералды бақылау рәсімі салық төлеушілерге тексерістен бұрын табысты дербес түрде реттеп, салық төлеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Кірістер комитеті. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0