«Бір үйдің үш қызы көз жұмды»: Жамбыл облысында қайғылы жағдай болды

Сәуір 21, 2025 - 09:35
Сәуір 21, 2025 - 10:43
«Бір үйдің үш қызы көз жұмды»: Жамбыл облысында қайғылы жағдай болды
фото: egemen.kz

Жамбыл облысында газдан уланып үш бірдей кішкентай қыз көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы жағдай 19 сәуір күні кешкі уақытта Меркі ауданына қарасты Сарымолдаев ауылында болған.

«Қаза тапқан балалар – туған әпкелі-сіңлілі қыздар. Олардың үлкені жеті жаста, ортаншысы бес жаста, ал кішісі небәрі үш жаста болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға болған күні таңертең анасы балаларды үйде қалдырып, сыртқа кеткен. Үйге қайта оралғанда үй ішінен өткір газ иісі шыққан. Қыздар ес-түссіз жатқан. Анасы оларды дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады – балалар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Меркі ауданы әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, Жамбыл облысының әкімі арнайы тапсырма беріп, оқиға орнына жедел жұмыс тобы барған.

Қазір оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

«Қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыру да бар. Сондай-ақ отбасыға психологиялық қолдау көрсетілуде. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталуда. Қосымша ақпарат тергеу аяқталған соң жарияланады», – делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow