«Біреуі комада жатыр»: Атырауда мемлекеттік қызметкерлер төбелес шығарған

Қаңтар 29, 2025 - 17:30
«Біреуі комада жатыр»: Атырауда мемлекеттік қызметкерлер төбелес шығарған
Фото: istockphoto.com

28 қаңтарда Атырау қаласындағы ең қымбат мекемелердің бірі «Beer House Villa» ғимаратында прокурор Асқар Жанысбаев пен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бағытжанов арасында төбелес болды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты АқЖайыққа сілтеме жасап.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, А.Бағытжанов төбелестен кейін облыстық ауруханаға жеткізілге, қазір ол комада жатыр.

Атырау облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға прокурорлардың қатысуын қоса алғанда, барлық мән-жайды анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», — деп мәлімдеді облыстық ПД.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow