Бірнеше жыл бұрын соттасқан Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов тренд түсірді (ВИДЕО)

Ақпан 12, 2025 - 11:28
Ақпан 12, 2025 - 11:29
Бірнеше жыл бұрын соттасқан Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов тренд түсірді (ВИДЕО)

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповпен трендті видео түсірді. Бұл екеуі осыдан бірнеше жыл бұрын соттасқан болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода Ләйлә Сұлтанқызы бастап, ары қарай Тамара Асар, Жазира Байырбекова, айтыскерлер – Сырым Әуезхан мен Жандарбек Бұлғақов жалғап, соңында Нұрболхан Шарапов аяқтайды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі трендті видеоны қолдаса, енді бірі ұната қойған жоқ.

«Үлкен жастағы адамдарға ыңғайсыздау емес пе, боқтан өзгені тренд қылу сәнге айналып бара ма, қалай?!», «Ашып қалсақ лентадан тек осындай көңілді дүниелер көрейікші», «Басы әдемі басталып еді,аяғы біртүрлі боп кетті», «Ләйләмен басталып, Нұрболханмен біткен тренд», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы жүргізген отандық бағдарламада көтерілген тақырыптың бірі жайдарманшының шамына тиіп, ол бағдарламаны қатаң сынға алған. Алайда бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның бұл сынын орынсыз санап, оны жеке басыма тіл тигізді деп айыптап, сотқа берген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow