«Бөкейорда» табиғи резерватының басшысы ұсталды

Мамыр 26, 2025 - 15:45
«Бөкейорда» табиғи резерватының басшысы ұсталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген Антикор мәлімдемесінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow