«Бұған дейін де көмек көрсеткем»: Министр өзіне сенбегендерге жауап берді

Желтоқсан 3, 2025 - 12:36
 0  1
«Бұған дейін де көмек көрсеткем»: Министр өзіне сенбегендерге жауап берді
Фото: видеодан скрин

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ бортында жолаушыға медициналық көмек көрсету оқиғасына түсінік берді. Осы жағдай қоғамда резонанс тудырып, әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар оны "алдын ала жоспарланған PR" деп айыптаған еді, деп жазады sadaq.kz.

Мәжіліс отырысында министр осы оқиға бойынша өзін ақтаудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Әр адамның өз пікірі бар. Әркімнің ойына әсер ете алмаймын. Ең бастысы, өз міндетімді орындадым. Менің біреудің алдында ақталатындай жағдайым жоқ", - деді ол.

Әлназарованың айтуынша, дәл осындай жағдайда кез келген медицина қызметкері көмек көрсеткен болар еді, сондықтан бұл оқиғада "ерекше күмәнданатын жайт" жоқ.

"Өкінішке қарай, күмән келтіріп жатқандар бар. Бұл мен бірінші рет көмек көрсеткен жағдай емес. Тек алғаш рет біреу мұны әлеуметтік желіге жүктеді. Жолаушының қан қысымы көтеріліп, құсып жатқан. Сол кезде "осында дәрігер бар ма?" деп сұралды. Мен орнымнан тұрып, дереу көмекке бардым", – деді министр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0