«Бұл ақпаратты журналист, блогерлер көрсетпейді»: белгілі заңгер Шымкентте 6 жасар бала батпақ суға құлап көз жұмғанын айтты

Әкімдік өздерін ақтау үшін “Балаңа ие болмайсың ба? деп ата-анасына қылмыстық іс ашып жіберсе таң қалмаймын. Шымкент әкімдігінен бәрін күтуге болады.

Сәуір 13, 2025 - 14:54
Сәуір 13, 2025 - 14:55
«Бұл ақпаратты журналист, блогерлер көрсетпейді»: белгілі заңгер Шымкентте 6 жасар бала батпақ суға құлап көз жұмғанын айтты

Шымкентте 6 жасар бала батпақ суға құлап кетіп, көз жұмды!

Президент әкімшілік төрағасы, Айбек Дәдебай!
Ғабит Сыздықбеков бұл мөлтек ауданды сіздерге көрсеткен жоқ!
Бұл ақпаратты “менің әкімім” деп жағымпазданып шауып жүретін журналист, блогерлер де көрсетпейтін шығар.

Бүгін түнде алты жасар бала қайтыс болды!
Айтқанның аузы жаман, Айгүл жаман шығар!
Бірақ тек Президент келетін кезде көрінетін жерлер ғана жылтырап, қалған жерлер осылай тұрмау керек .
Қалада саябақтарды қайтару, футбол клубының басшысының айлығын санаудан басқа да күрделі жұмыстар толып жатыр. 
Бір жылдан бері Тұран 2 мөлтек аудан тұрғындары әкімдікке шағым айтып, мына жерді жасата алмаған екен.
Нәтижесінде алты жасар бала қайтыс болды.

Ғабит Сыздықбеков үш күнде жолды қырып, қайта салғыза алатынына бүкіл қала тұрғындары куә болдық.
Әкімдік өздерін ақтау үшін “Балаңа ие болмайсың ба? деп ата-анасына қылмыстық іс ашып жіберсе таң қалмаймын.
Шымкент әкімдігінен бәрін күтуге болады.

Ал Сәрсен Абайұлы Құранбек, сайраңыз, бұл жолы кім кінәлі?!

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow