БҰҰ ескертуі: Әлем «жаһандық су банкроттығы» дәуіріне аяқ басты

Қаңтар 21, 2026 - 13:33
Қаңтар 21, 2026 - 13:35
 0  1
БҰҰ ескертуі: Әлем «жаһандық су банкроттығы» дәуіріне аяқ басты
Фото: contextnews.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа есебінде әлемнің «жаһандық су банкроттығы» дәуіріне кіргені ресми түрде жарияланды. Тұщы су жүйелерінің шамадан тыс пайдаланылуы, ластануы және климаттың өзгеруі салдарынан көптеген аймақтарда су ресурстарын қалпына келтіру мүмкін болмай жатқаны ескертілді. Бұл тізімде Қазақстан да «қызыл аймақта» тұр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Есепте су "банкроттығы" қаржылық терминология арқылы түсіндіріледі: жаңаруға қабілетті су "кірістері" (өзендер, жауын-шашын) мен ұзақ мерзімді "жинақтар" (жер асты сулары, мұздықтар, батпақтар) толық сарқылуы. Әлем халқының 75%-ы (6,1 млрд адам) су қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген елдерде тұрады. 4 млрд адам жылына кемінде бір ай бойы ауыр су тапшылығын бастан кешеді.

Әлемдік азық-түлік өндірісінің жартысынан астамы су қоры азайып келе жатқан өңірлерде шоғырланған. Ең қауіпті аймақтар қатарына Орта Шығыс, Орталық және Оңтүстік Азия, Қытайдың солтүстігі және АҚШ-тың оңтүстік-батысы жатқызылды.

Қазақстан сияқты елдерде трансшекаралық өзендерге тәуелділік пен тиімсіз суару су тапшылығын күшейтеді. Елімізде Сырдария мен Іле өзендеріне тәуелділік жоғары, су ресурстарының жүктемесі 35%-ға жеткен. Ауыл шаруашылығының 70%-ы тиімсіз суаруға сүйенеді.

«Бұл – уақытша дағдарыс емес, нағыз банкроттық. Мұздықтар еріп, көлдер құрғап, жер асты сулары сарқылып жатыр», – дейді UNU-INWEH директоры Кавех Мадани. Мәліметтерге сүйенсек, 1970 жылдан бері әлемдік мұздықтардың 30%-ы жоғалған.

Есептің бас авторы үкіметтерді "дағдарыс басқаруынан" бас тартып, "банкроттық басқаруға" көшуді ұсынады: сұранысты қысқарту, ауыр салаларды трансформациялау, ластауды тоқтату және әділетті ауысу қамтамасыз ету.

2026 жылы өтетін БҰҰ Су конференциясы осы бағыттағы шешуші кезең болмақ. Егер жүйелі реформалар жасалмаса, су тапшылығы жаһандық азық-түлік дағдарысына ұласуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0