Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды

Қыркүйек 3, 2026 - 09:50
app_badging Қыркүйек 3, 2026 - 09:51
chat_bubble  0 visibility  3
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды. Қазақстан президенті тиісті жарлыққа қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. 

Дәурен Қосанов бұл лауазымға 2025 жылдың 8 маусымында тағайындалған болатын. Оған дейін Дәурен Қосанов қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болған.

55 жастағы генерал-лейтенант Армавир жоғары әскери әуе училищесін бітірген. Одан кейін Гагарин атындағы әскери-әуе академиясында және Ресей қарулы күштері бас штабының әскери академиясында оқыған.

Еңбек жолын Үшарал жойғыш ұшақтар полкінде бастаған. Талдықорғанда "Су27" эскадрильясының командирі, Қарағанды әуе базасының бастығы болды. Шымкент әуе базасын да басқарған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0