Денсаулығы сыр берген Төреғали Төрәлі есін жинады
Жақында белгілі әнші Төреғали Төреәлінің бірнеше қалада жоспарланған концерті өтпей қалған еді. Оған себеп әншінің денсаулығы сыр бергені. Бүгін өз-өзіне келген Төреғали жанкүйерлеріне арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.
"Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар!", - дейді әнші.
Бұған дейін Төреғали Төреәлінің Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қаласында жоспарланған концертіне сатылған билеттер түгел қайтарылатын болған.
Желі қолданушылары әншінің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.