«Диана қап-қара, кішкентай бірдеңе»: Жақында ғана тұрмысқа шыққан «Қалаулым» тележүргізуші неліктен хейтке ұшырағанын айтты

Сәуір 17, 2025 - 11:08
«Диана қап-қара, кішкентай бірдеңе»: Жақында ғана тұрмысқа шыққан «Қалаулым» тележүргізуші неліктен хейтке ұшырағанын айтты

Елге «Қалаулым» жобасы арқылы танымал болған тележүргізуші Диана Скатова жақында тұрмысқа шыққан еді. Өмірлік жары дәл сол «Қалаулым» жобасында қатысушыларды музыкалық сүйемелдеп тұратын топтың жетекшісі Сұлтан есімді азамат. Тележүргізушісі жеке өміріне қатысты сұхбат берді, деп жазады Malim.kz.

Диананың айтуынша, жары екеуі бірін-бірі бұрыннан танығанымен, қарым-қатынасы бірден махаббатқа ұласпаған.

Біз қыз бен жігіт ретінде сырласа бастасақ та, классикалық кездесулер болған жоқ. Бірінші кездесуде Сұлтан «мен саған үйленгім келеді» деді. Мен шок болдым, бірақ сол шокпен қатар ішімде бір сенім болды. Өзімді осыған дайын сезіндім. Сол сәттен бастап біз қыз бен жігіт ретінде ресми кездесе бастадық. Сол кезде мен үшін бәрі тоқтап қалғандай еді. Әлемде екеуміз ғана болдық – Сұлтан және мен. Бұл – бұрын-соңды сезінбеген ерекше күй, дейді ол.

Алайда тележүргізуші сүйіктісін халыққа көрсеткенде, олардың тарапынан көп хейт болғанын да жасырмады.

«Ол сенің теңің емес. Диана, онша емес, қап-қара, кішкентай бірдеңе. Одан да жақсысын табасың» деген сөздер болыпты. Мен өзім де таңғалдым, дейді Скатова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow