«Дикий Арман» өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Ақпан 1, 2025 - 16:39
«Дикий Арман» өз-өзіне қол жұмсамақ болды
фото: әлеуметтік желіден

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Дикий Арман» лақап атымен белгілі қылмыстық авторитет Арман Жұмагелдиевтің өз-өзіне зақым келтіруге тырысқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Арман Жұмагелдиев өзіне жеңіл жарақат салған. Оған дереу медициналық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

«Сотталушы ерекше бақылауда ұсталады. Онымен колонияның психологтары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow