Димаш Құдайберген «Dears» қауымдастығына ән арнамақ

Қаңтар 31, 2025 - 12:53
Димаш Құдайберген «Dears» қауымдастығына ән арнамақ
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген жақында жаңа әнінің премьерасын жариялады. Бұл туынды фандомына, яғни «Dears» қауымдастығына арналып отыр, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әнші Будапештте жүрген кезінде бейне үндеу жасап, 2017 жылы алғаш рет «Dears» деп атаған күннен бері 8 жыл өткенін атап өтті. Осы уақыт аралығында ол әлемнің бірнеше елінде концерттер өткізіп, жанкүйерлерінің қолдауына ие болды.

Димаш тыңдармандарын 7 наурызда жаңа әнінің әлемдік премьерасымен қуантпақ. «Love’s not over yet» атты туындыны әлемге әйгілі композитор әрі продюсер Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы шығарды.

Димаш өз жанкүйерлерінен бұл әннің көңілдерінен шығатынына сенімді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow