Димаш Құдайберген сенат ғимаратында төбе көрсетті (ФОТО, ВИДЕО)

Бүгін, 20 ақпанда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген күтпеген жерден сенат ғимаратында бой көрсетті, деп хабарлайды sadaq.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп.
Димаш Құдайберген Қазақстан парламенті сенатының ғимаратына келген. Сенаттың баспасөз қызметі бізге әншінің мемлекеттік мекемеге қандай шаруамен келгенінен ақпарат жоғын алға тартты.
Айта кетсек, екі күн бұрын Қазақстанның халық әншісі Димаш Құдайберген шетелден елімізге оралып, жанкүйерлеріне Астанада түскен суретін бөліскен еді.
«Үйде болмағаныма біраз болды. Астанадан сәлем. Бауырларым жалынды сәлем жолдап жатыр», — деп жазды әнші.
Сіздің реакцияңыз қандай?






