Дубайдағы қазақстандықтардың резиденциясы: депутат тексеріс талап етті

Наурыз 4, 2026 - 16:15
 0  3
Дубайдағы қазақстандықтардың резиденциясы: депутат тексеріс талап етті
Фото: istockphoto.com

Мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саиров кей қазақстандықтардың шетелде жылжымайтын мүлік сатып алуының заңдылығын тексеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

 Бұған дейін желіде "зымыран түскен Дубайдағы ғимарат – Қазақстан азаматтарының резиденциясы" деген ақпарат шыққанын хабарлағанбыз. Онда 96 Қазақстан азаматының пәтері бар деген қауесет тарады.

Сондай-ақ пәтерлердің бірі сенаттың бұрынғы спикері Қайрат Мәмидің ұлына тиесілі деген болжам айтылған. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бұл мәселеге қатысты пікір білдірген болатын.

Депутат Ерлан Саиров прокуратура мүліктің заңды түрде сатып алынғаны, оның үстіне бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерге немесе олардың туыстарына қатысты болса, тексерілуі керек деп есептейді.

"Бұл пәтерлерді бұрын Қазақстан Республикасында басшылық қызметтерді атқарғандар немесе олардың туыстары сатып алғанын түсіну керек. Менің ойымша, Қазақстан Республикасында басшылық қызметтерді атқарып, сол жерде жұмыс істеп, содан кейін кенеттен басқа елге көшіп, сол жерде тұру адамгершілікке жатпайды — бұл моральдық тұрғыдан дұрыс емес", - деп есептейді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0