Джеки Чан «Құдіретті сауыт» фильмін түсіру үшін Ақтауға келді (ВИДЕО)

Қаңтар 21, 2026 - 16:08
Қаңтар 21, 2026 - 16:13
 0  3
Джеки Чан «Құдіретті сауыт» фильмін түсіру үшін Ақтауға келді (ВИДЕО)
Фото: Steph Chambers / Getty Images

Әлеуметтік желіде әлемдік танымал актер Джеки Чанның  түсірілім тобының Ақтау қаласына келгені туралы видео тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы әкімдігі растады. Мәліметтер бойынша, делегация құрамында шамамен 15–20 адам бар. Қазіргі уақытта олардың нақты қай жерлерге баратыны белгіленбеген, бірақ Бозжыра, Ақтау жағалауы және басқа да көрнекті орындар қарастырылуда.

Еске салсақ, 2025 жылғы қыркүйекте Джеки Чан Алматыға келіп, Қазақстанда қызығушылық тудырған еді. Кейін «Құдіретті сауыт» фильмінің төртінші бөлігін Қазақстанда түсіру жоспарланғаны белгілі болды. Ол жаңа бөлімнің режиссерін де таңдаған. Сценарий бойынша түсірілім Маңғыстау облысында өтеді. Бұл үшін бұрынғыдан алдын ала түсірілім тобы облысқа келген және кейін Маңғыстау ресми түрде фильмнің басты локациясы ретінде бекітілген.


Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0