«Екеуіне сөз жоқ»: Жігер Ауыпбаев 15 жас кіші әйелімен тағы да елдің ашуына тиді

Шілде 20, 2026 - 16:27
app_badging Шілде 20, 2026 - 16:41
chat_bubble  0 visibility  58
«Екеуіне сөз жоқ»: Жігер Ауыпбаев  15 жас кіші әйелімен тағы да елдің ашуына тиді
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші  әйелімен бірге тікелей эфирдегі әрекетінен кейін тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың тікелей эфир барысында түскен видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Кадрларда әншінің әдепсіз әрекеттері байқалады.


Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің әрекетін орынсыз деп бағалап, оның көпшілік алдындағы болмысына және жасына сай келмейтінін айтты. Кейбірі отбасылы азаматтың өзін ұстауы өзгеше болуы керек деген пікір білдірсе, енді бірі мұны әркімнің жеке өмірі деп бағалады. 

«Жігер қуып кетті», «Әнші болып жүре бермедің бе», «Ноқалай», «Жарасса мейлі ғой», «Шаршадық біз», «Жасына сай тірлік істесейші», «Не болып кеткен, ой, Алла», «Махаббат жынды қылады деген осы екен ғой», «Сөз жоқ екеуіне», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев пен жұбайының бұған дейін де жазбалары мен тікелей эфирдегі іс-әрекеттері  көпшіліктің ашуын туғызып жүр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0