«Екі некеден алты балам бар»: Рахман Омар өміріндегі өкінішін айтты (ВИДЕО)

Қыркүйек 5, 2025 - 12:49
 0  41
«Екі некеден алты балам бар»: Рахман Омар өміріндегі өкінішін айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өмірдегі үлкен өкінішін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Рахман Омар өзінің екі рет үйленгенін жасырмады. 

"Бір әттеген-айы бірінші некеден және екінші некеден туған балалары бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалық эгоизм болады ғой. Қызғаныш бар шығар. Араласпай-ақ қояйықшы деді. Уақыт керек. Өзім асабамын, талай той басқарып жүрмін. Біз сияқты араласпай жүрген, кейін жақындасып кеткен көп отбасыны білемін. Сондықтан үмітсіз шайтан. Құдай қаласы ол күнге де жетерміз", - деді ол. 

Сонымен қатар тұңғышының өз отауын тіккенін де айта кетті.

"Үлкенім 28-де, екіншім 25 жаста. Одан кейінгі ұлым 10-сыныпқа көшті. Құдай берген 5 ұл, бір қызым бар. Алты баланың әкесімін. Тұңғыш ұлым үйленді. Қайын ата болып үлгердім, бірақ әлі ата болған жоқпын. Жастар асықпайды екен. Өздерінің философиялары бар", - деп таңғалды актер. 

@ann_danchenko_2905

Бір өкініштісі … ♬ оригинальный звук - ann_danchenko_2905

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0