Екі өңірде «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат тарады

Оның бірі арнайы есепте тұрған бала болып шықты

Қазан 21, 2025 - 16:07
Қазан 21, 2025 - 16:57
Екі өңірде «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат тарады
Фото: Polisia.kz

Полицейлер бір күннің ішінде мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы екі жалған хабарламаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, бірінші факт Петропавл қаласында тіркелген. 112 нөміріне орта мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу полиция мен жарылғыш заттарды залалсыздандыру мамандары келгенімен, күдікті заттар табылмады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған хабар таратқан адамның 9-сынып оқушысы екені анықталды. Ол психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.

Осындай тағы бір жағдай Алматы облысының Қарасай ауданында да тіркелген. Белгісіз адам Қаскелең қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Тексеру кезінде ешқандай бомба табылған жоқ, ал көп ұзамай полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады.

Аталған екі факт бойынша да қылмыстық іс қозғаған. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow