Екі жастағы қызына зорлық-зомбылық көрсеткен әке: Полиция тергеу бастады
Әлеуметтік желілерде екі жарым жасар бүлдіршіннің әкесінен зорлық-зомбылық көргені туралы жантүршігерлік ақпарат тарады. Құқық қорғаушы Ляззат Ракишева Threads парақшасында жариялаған бұл дерек қоғамда үлкен резонанс тудырып, қазіргі таңда ресми тергеу амалдарына негіз болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 19 ақпан күні басталған. Анасының айтуынша, қызын шомылдыру кезінде баланың денесінің интимдік жерлеріне қатысты біртүрлі әрекет жасап жатқанын байқайды. Сәбиден мұны кім үйреткенін сұрағанда, ол «Папа үйретті» деп жауап берген. Кейінірек бүлдіршін әкесінің оған «саусағын тыққанын» және оның ауырғанын («вава болды») бала тілімен жеткізген. Тіпті бала «құрт көрсетті», «құртты аузыма тықты» деп, әкесінің жиіркенішті әрекеттерін баяндап берген.
Зардап шеккен тараптың мәлімдеуінше, құқық қорғау органдарына арыз беру процесі екі күнге созылған. Анасы аудандық полиция бөліміне (РОВД) жүгініп, тек екінші күні кешке қарай ғана арызы өндіріске алынған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті процессуалдық іс-қимылдар басталды.
Бүлдіршін арнайы кризистік орталықта психологтардың қатысуымен сұрақтарға жауап берген. Мамандардың алдында бала әкесінің тарапынан болған әрекеттерді тағы да растаған. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, адвокаттар жұмысқа кірісті.
Shyndyq.kz жолдаған ресми сұрауға Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті келесідей жауап берді:
«Өскемен қаласы тұрғынының арызы бойынша Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық әрі жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде».
Полиция өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты жария етуге рұқсат етілмейтінін ескертті. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол ҚР ҚК 121-бабы бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sadaq.kz редакциясы тергеудің барысын жіті бақылауда ұстайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0