«Екінші үйімде болдым»: Астанаға келген Жүрсін Ерманның құдасы қазақша ән салды (ВИДЕО)
Жүрсін Ерманның құдасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Гебрейесус. Ол Астанаға ресми сапармен келіп, туыстарымен кеш өткізген, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сол кеште олар "Атамекен" әнін орындаған.
Ал Тедрос оны видеоға түсіріп, Instagram парақшасына жүктеген. Ол онда: "Қазақстандағы туыстарыммен тамаша уақыт өткіздім. Екінші үйімде болғаныма қуаныштымын. Отбасы жүректі әнге бөлейтін құндылық" деп жазды.
Айта кетейік, ДДҰ басшысының ұлдарының бірі ақын Жүрсін Ерманның немересіне үйленген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0