Экс-әкім мен оның әйелін туған немересі өлтіріп, денелерін бір ай бөшкеде сақтаған
Алғашында оларды атып тастаған деген ақпарат тарады.

RTVI мәліметінше, Виктор Тархов пен оның жұбайы Наталья бір ай бұрын Финляндиядан оралған кезде өлтірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашында оларды атып тастаған деген ақпарат тараған, алайда кейіннен өлімші етіп сабалғаны анықталды.
Марқұмдардың денесі бір ай бойы бөшкелерде сақталған. Тергеу нұсқасы бойынша, бұрынғы мэрдің немересі Екатерина Бельская кісі өлтіргеннен кейін Тарховтардың мүлкін, көліктерін және иконалар коллекциясын сатып жіберген.
Сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру үшін олардың телефондарынан хабарламалар жіберіп отырған. Самара соты Екатерина Бельскаяны қамауға алды, алайда ол тергеушілерге түсінік беруден бас тартқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?






