Елімізде алдағы үш күнде боран соғып, қатты аяз болады

Қаңтар 21, 2025 - 10:47
Елімізде алдағы үш күнде боран соғып, қатты аяз болады

"Қазгидромет" алдағы үш күнде боран мен қатты аяз күтіліп отырғанын хабарлады.

. Тіпті оңтүстік өңірлерде температура -25 градусқа дейін төмендейді. 

Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қарлы боран мен аяз күтіп тұр.

21-22 қаңтарда еліміздің көптеген өңірінде қарлы жауын-шашынмен бірге желдің күші 15-28 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа ағынының жылдамдығы 30 м/с-тан асуы мүмкін.

Сонымен қатар, ел аумағында боран, мұзқатқақ және тұман болады, - деп хабарлады мемлекеттік гидрометеорологиялық қызмет.

Периодтың соңына қарай температура еліміздің көп бөлігінде күрт төмендейді. Қазақстанның оңтүстік жартысында температура -25 градусқа дейін төмендесе, солтүстікте -35 градусқа дейін аяз болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow