Рөлі оң жақта орналасқан көліктерге трассаға шығуға тыйым салынды
Атырау облысында рөлі оң жақтағы көліктерге жолаушы тасымалдауға тыйым салынды.
Информбюро жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, полиция жол апатын азайту мақсатында трассаларға шығып, Тойота Альфард, Естима маркалы машиналарды жаппай тоқтатып жатыр.
Бұл шектеу такси қызметін көрсетіп, нәпақасын тауып жүрген жүргізушілердің наразылығын туғызды. Атпалдай азаматтар табыстан қағылып, күнкөрісіміз қиындай ма деп алаңдайды. Ауыл, аудан мен қала арасында адам тасып, күні-түні тыным таппайтын бұл жүргізушілер бір-ақ сәтте жұмыссыз қалды. Рөлі оң жақта, жеті немесе сегіз адамға арналған кең машинаның иелері полицияның енгізген шектеуіне үзілді-кесілді қарсы. Олар күнделікті табыстан қағылып, отбасын асырау қиындады деп отыр.
«Кредитте тұр көлігім. 4 жыл болды төленгеніне. Мен 3-4 күн болды адамдарды жолдан түсіріп аламын. Кредит просрочкада жатыр. Бір күнде тоқтатып тастауға болмайды ғой. Біз халықпыз жұмыс жасап отырған. Отбасын асырау керек. Оңай емес біздерге», - дейді жүргізуші Арман Бағытов
Апта басынан бері атыраулық полицейлер трассаларға шығып, рөлі оң жақтағы көліктерді жаппай тоқтатуға кіріскен. Салон ішінде жолаушылар отырса жүргізушіге бірден айыппұл салынады. Қажет болса темір тұлпарды айып тұрағына апарады. Ал, тас жолға шыға алмай, тауы шағылған азаматтар шектеуді алып тастауды сұрайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0