Еліміздің мемлекеттік қарызы қанша теңгеге өскені белгілі болды

Шілде 16, 2025 - 09:35
Шілде 16, 2025 - 10:01
Еліміздің мемлекеттік қарызы қанша теңгеге өскені белгілі болды
фото: sputnik.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 миллиард теңгеге өсті, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

"Бұл ретте мемлекеттік қарыз белгіленген лимит шегінде қалды. Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша ол 31,9 триллион теңге болды", - дейді қаржы министрлігінің басшысы Мәди Такиев.

Өсудің негізгі факторы – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және бұрынғы қарыздарды игеру.

Жалпы ішкі өнім өскендіктен мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы төмендеп жатыр. 

Егер 2020 жылы мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 29,2%-ін құраса, былтыр ол 23,5%-ке дейін төмендеді, ал биыл 21,1%-ке түсті. "2030 жылға дейін белгіленген мемлекеттік борыш лимиті сақталады", - дейді Такиев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow