Енді ел тұрғындары ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді

Тамыз 29, 2024 - 17:35
Тамыз 29, 2024 - 17:36
Енді ел тұрғындары ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді
Фото: Moneyman.ru

Енді қазақстандықтар ұялы байланыс қызметтерін алу үшін биометриядан өтуге тиіс, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Азамат абонеттік нөмірді тіркеп, оператормен байланыс орнату үшін бет-жүзін сканерлейді.

Цифрлық даму министрлігі мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде абоненттік нөмірлер арқылы адамның қаржысына қол сұғатындар көбейген. Аталмыш жоба алаяқтықтың алдын алмақ. Сондай-ақ интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Егер азамат интернетті пайдаланғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын тіркейді.

Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылардың биометриясы енгізіледі
Қазақстандықтар несие алу үшін биометриялық деректерін тапсыруға міндеттеледі
Министрлік ұсынған бастамаға халық әртүрлі реакция білдірді. Бірі мұны алаяқтықтан қорғау жолы, қауіпсіздік десе, басқалары бұл жеке дерегіміздің тарауына әсер етеді дейді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow