«Енді ештеңе айтпаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы ажарасқан блогерлерді талқылаймын деп қатаң сынға қалды

Шілде 23, 2026 - 11:32
chat_bubble  0 visibility  35
«Енді ештеңе айтпаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы ажарасқан блогерлерді талқылаймын деп қатаң сынға қалды
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы блогерлер Айым Сейтметова мен Талғат Итаевтың жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, сынның астына  қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы Threads желісіндегі парақшасында: «Айым мен Талғат соңында татуласатынын білемін, бірақ дәлелдей алмаймын», – деп жазған.

Алайда көп уақыт өтпей өшіріп тастады. Бұл пікір желіде қызу талқыланып, көпшілік тележүргізушіні өзге адамдардың жеке өміріне араласты деп сынады.

Пікір қалдырған қолданушылардың бірі «Жеке өмірінде не шаруаңыз бар? Бұл халық алдында талқылайтын мәселе ме? Үлкен аудиторияңыз бар екен, пайдалы дүниелер жазсаңызшы», – десе, енді бірі «Дәл сіздің қозғайтын тақырыбыңыз емес еді бұл», – деп жазған.

Кейін тележүргізуші осыған қатысты қысқаша жазба қалдырды.

«Болжам үшін желініп қалғаным бар. Ештеңе айтпаймын енді. Одан да донорлықты айтайық. Аида Ғалымқызы донор болуға дайын екен. Мен де ағзамды біреуге берер едім. Сіз ше? Қарсы жандар, сіздерге не кедергі?»,– деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске салайық, бұған дейін блогер Айым Сейтметова жолдасы Талғат Итаевпен ажырасып жатқанын мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0