«Енді тегім Байырбекова емес»: Әнші Жазира Байырбекова ел күтпеген мәлімдеме жасады
Танымал әнші Жазира Байырбекова тегін өзгерткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«Менің тегім енді Байырбекова емес. Енді менің тегім – Ыса. Аты-жөнім – Жазира Ыса», – деп жазды әнші.
Алайда ол тегін өзгертуіне не себеп болғанын нақты түсіндірмеді. Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Пікір қалдырушылардың бірі бұл шешімді қолдаса, бірі үйреншікті емес екенін жазған.
«Байырбекова болып қала бергеніңіз дұрыс еді», «Тамаша! Ыса әкеңіздің аты ма?», «Тегіңізді не үшін өзгерттіңіз?, «Байырбекова деген тегіңізге үйреніп қалып едік»,– деді көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0