Әкесі сал ауруына шалдыққан қызын зорлады

Қаңтар 10, 2025 - 16:55
Қаңтар 10, 2025 - 16:55
Әкесі сал ауруына шалдыққан қызын зорлады

Анасы сал ауруына шалдыққан қызын өз әкесі зорлады деп күдіктенеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл сұмдық оқиға Қырғызстанда болған. Жергілікті басылымдарға сұхбат берген қыздың анасы сұмдық жағдайдың бетін ашты. Әйелдің айтуынша, ол күйеуінен ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көріп келеді. Ер адам әйелін жиі ұрады екен. Ол 30 желтоқсанда Таластан Бішкекке келіп, ұйықтар алдында жанжал шығарады. Мас күйеуі әйелін ұрып-соғып, күшпен сыртқа шығарып жіберген. 

Әйел үйге кіре алмай, науқас қызы болғандықтан полицияға жүгінген. Полицейлер шамамен бір сағаттан кейін келіп, ер адамның үйде ұйықтап жатқанын көреді. Олар ер адамды полиция бөліміне апарып, біраз уақыт сол жерде ұстады.

Әйел таңертең қызының іш киімі бүлінгенін көріп, дереу ауруханаға барған. Сол жерде қыздың зорланғаны белгілі болды. 

Қыз 2007 жылы туған. Анасы қызын өз әкесі зорлағанына сенімді. Қазіргі уақытта барлық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша шешімдер қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow