«Ерке неке жүзігін лақтырып жіберді»: Асхат Садырбай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты

Қаңтар 27, 2025 - 21:52
«Ерке неке жүзігін лақтырып жіберді»: Асхат Садырбай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты
Фото: видеодан скрин

БАҚ өкілі Асхат Садырбай әріптесі Руслан Өтепбайдың сұрақтарына жауап берді, деп жазады sadaq.kz. 

Айта кетейік, 2011 жылы журналист танымал әнші Ерке Есмаханмен отау құрды. Олар бала дүниеге келген соң көп ұзамай ажырасып кетті. Тіпті әнші экс-күйеуінің қол көтергенін де айтып, тоғыз ай бойы күйзеліске түскенін жасырмаған еді. Асхат оны жоққа шығарды. 

“Жоқ, ұрған жоқпын. Бұл ұзақ әңгіме, оған тоқталғым келмейді. Оның отбасы бар. Ол жайлы ештеңе айтқым келмейді. Оның бұрынғы өткен өмірін қозғап не істейміз?! Біздің ажырасуымызға қол көтеру себеп болған жоқ. Біздің баламыз өмірге келді. Келістік, бөлек кететін болып шештік, мен оған тек бақыт тілеп қалдым", – дейді медиа маманы. 

Сондай-ақ әнші ажырасқан кезде күйеуінің сыйлаған сыйлықтары мен алтындарын алып қалғанын да жайып салған болатын. 

“Әйел эмоциямен айтады ғой. Екеуміз некелескенде тағылған неке жүзікті ажырасып жатқан кезде Ерке лақтырып жіберді. Мен оны көтеріп, тағы да қосылып қалармыз деп алып кеткенмін. Басқа алтындарды алмадым", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow