Қазақстанды қайта топан су баса ма? Ресей мен АҚШ соғыса ма?

Абай облысына барған Берік Уәли әріптесіміз салған жерден 2 шенеунікті орнынан алды, алтауына тәртіптік жаза, сөгіс, біреуіне ескерту берді. / Басқа емес Президенттің баспасөз хатшысы болған авторитетті әкім Берік Уәлидің Абай облысына қомақты бюджет бөлдіретіні анық. Тіпті туризммен пұл түсірсе таң қалмаймын. Әйгілі Тайм журналы биыл саяхаттап баруға тұрарлық 100 таңдаулы орынды тізіп шығыпты. Тізімге Моңғолияның Баян Өлгейіндегі Бүркітшілер сарайы енген. Онда жыл сайын Моңғолия қазақтарының саятшылық дәстүріне арналған Алтын қыран фестивалі өтеді. Сол Бүркітшілер тойына әлемнің әр қиырынан 20 мыңға жуық турист ағылып келеді екен. Керемет емес пе? Не керек Тайм журналының мұқабасына бірінші рет қазақтың суреті жарияланды. Ол қыран~бүркіт баптаған қазақ. Нобель сыйлығына бірнеше мәрте түскен Назарбаевтардың арманы еді бұл журналда қасқайып тұру. Шын өмір “әділетсіздеу” екен, Зеленский секілді батырлар шықты, диктаторлар күресінде қалып қойды. Енді қараңыз, Берік Уәли мырза да республикалық құсбегілік федерациясын басқарады, дәл осындай халықаралық шара ұйымдастырып тарихта қалуына мүмкіндік бар. Моңғолияның да алапатын асырып, туристерді экзотикаға тартып жүрген біздің қазақтар. Туристер Абайдың ауылына барып қымыз ішсе, Аягөздегі ғашықтарға мінажат етсе, Көкпектіде көкпар тартып, Ақсуатта қыран ұшырса болмай ма? Демек, осы шансты өткізіп алмау керек.

Наурыз 20, 2025 - 17:10

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow