Вице-министр Кәрім Мәсімовтің жазасын қайда өтеп жатқанын айтудан бас тартты
Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов журналистердің Кәрім Мәсімовтің қайда жазасын өтеп жатқаны туралы сұрағына жауап бермеді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Politico.kz-ке сілтеме жасап.
Санжар Әділовтің айтуынша, бұл туралы ақпарат арнайы комитет арқылы беріледі.
«Мен бұл сұраққа жауап бердім. Басқалардың да қайда отырғанын мен ешкімге айтқан емеспін. Кімді айттым?», – деп таңданды Әділов.
Ол Мәсімовтің қайда отырғанын тек адвокаты мен жақындары білетінін айтты.
Еске сала кетейік, 2022 жылы ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын.
2023 жылы сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына сот үкімі шықты. Сот Мәсімовке мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0