Имам өзін алдап соққан трансгендердің үстінен арыз жазған

Бұған дейін алматылық трансгендер мешітке барып, азан шақыртып есімін өзгерткенін жазған едік.

Сәуір 4, 2024 - 10:38
Сәуір 4, 2024 - 10:38
Имам өзін алдап соққан трансгендердің үстінен арыз жазған

Имам өзін алдап соққан трансгендердің үстінен арыз жазған. Бұл туралы жұртқа Нико Нет атымен танымал алматылық трансгендердің өзі хабарлады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Нико Неттің айтуынша, болған оқиғадан кейін арада бір күн өтпей өзіне азан шақырып ат қойған имамның телефон соғып, хабарласқанын айтады. Имам қысқаша аман-саулықтан кейін азан шақырып трансгендердің атын қойып жатқан видеоны өшіру талап еткен. Өшірмесе, сотқа арызданатынын жеткізген.

Шамалыдан кейін бір прокурор хабарласып, мән-жайды сұраған. Нико Нет прокурорға мешіттегі видеоны көрсеткен. «Видеоны көрсеткеннен кейін прокурор қайта хабарласпады» дейді трансгендер.

Нико Неттің айтуынша, имамды алдамаған. Қажет болса, анасымен мешітке кірген кезде имам өзі танып, сөйлескенін айтады.

«Видеодан имамның «Нико Нетсіз» ғой? деп өзі мені танып, халімді сұрағанын бәріңіз көрдіңіздер ғой» деген Наиль Тұрғанов имамның әрекетін түсінбей отырғанын жазған.

Бұған дейін алматылық трансгендер мешітке барып, азан шақыртып есімін өзгерткенін жазған едік. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow