Индонезия Интерполы Сұлтан пен Ақбаянды Қазақстан полициясына тапсыру сәтін жариялады (ВИДЕО)

Наурыз 10, 2026 - 15:38
app_badging Наурыз 10, 2026 - 15:51
chat_bubble  0 visibility  20
Индонезия Интерполы Сұлтан пен Ақбаянды Қазақстан полициясына тапсыру сәтін жариялады (ВИДЕО)
Видеодан скрин

Индонезия Интерполы Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның серігі Ақбаян Мұқанғалиеваның Қазақстан полициясына тапсырылу сәтінен эксклюзивті видео жариялады, деп хабардайды Sadaq.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, ақпан айының соңында Атыраулық күйеубала Сұлтан Сәрсемәлиев пен марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында құрықталған болатын. Ол қайын атасы мен енесін өлтіріп, мәйіттерін көміп тастады деген күдікке ілінген.

8 наурыз күні кешке Алматы әуежайында Индонезия полициясы күдіктілерді біздің тәртіп сақшыларына ресми түрде тапсырды.

Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайын анықтау мақсатында ол сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0