«Інісі күдікке ілінді»: Жаңақорғанда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі құдықтан табылды
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті құдықтан табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"Астана" телеарнасының мәліметінше,20 жастағы жігіт үйінің ауласына төсек салып, түнеген. Алайда таңертең оның жоғалып кеткені белгілі болған. Жақындары өз беттерінше іздеу жүргізіп, бір тәуліктен кейін жігіттің денесін үйінен шамамен 400 метр жердегі жергілікті су құбырының құдығынан тапқан.
Марқұмның туыстары оның денесінде көгерген іздер болғанын, сондай-ақ мойнынан жіпке ұқсас із байқалғанын айтқан. Кей деректе мәйіттің көрпеге оралған күйде табылғаны көрсетілген.
Құқық қорғау органдары қылмысқа күдікті ретінде оның 15 жастағы туған інісін ұстаған. Ол сот санкциясымен қамауға алынған. Алайда марқұмның ата-анасы бұл нұсқамен келіспейді. Олардың айтуынша, жасөспірімнің ағасына қастандық жасағанына сену қиын.
Отбасы бұған дейін үйден ақша ұрлау фактілері болғанын айтып, қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген болжам жасаған. Туыстары істің жан-жақты әрі объективті тергелуін сұрап отыр.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0