Иран Президенті көрші елдерден кешірім сұрап, әскери соққыларды тоқтатуға бұйрық берді
2026 жылдың 7 наурызында Иран Президенті Масуд Пезешкиан мемлекеттік телеарна арқылы шұғыл үндеу жасап, халықаралық деңгейдегі маңызды мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Президент соңғы күндері Иран қарулы күштері тарапынан зымырандық және ұшқышсыз ұшақтар соққысына ұшыраған көршілес мемлекеттердің үкіметтері мен халықтарынан ресми түрде кешірім сұрады.
Иран жағы көрші елдердің аумағындағы барлық әскери операцияларды дереу тоқтату туралы шешім қабылдады. Пезешкиан бұл қадамның аймақтағы қантөгісті болдырмау үшін жасалғанын атап өтті.
Президент болған оқиғаларды әскери бөлімдердегі «байланыс қателігі» және «өзара түсініспеушілік» деп атап, мұның мемлекеттің ресми саяси бағыты емес екенін жеткізді.
Иран билігі «егер бізге қарсы агрессия болмаса, біз ешкімнің шекарасын бұзбаймыз және бірінші болып соққы жасамаймыз» деген кепілдік берді.
Трамптың талабына жауап
Кешірім сұрап, бейбітшілікке қадам жасағанына қарамастан, Пезешкиан АҚШ Президенті Дональд Трамптың «сөзсіз тізе бүгу» (капитуляция) туралы талабын қабылдамайтынын мәлімдеді.
«Біз көршілерімізбен бауырмыз, бірақ сыртқы қысым алдында тізе бүкпейміз. Соққыларды тоқтатуымыз — бұл әлсіздік емес, парасаттылық», — деді Иран басшысы.
Бұл мәлімдеме Иранның жаңа басшылығының көрші елдермен қарым-қатынасты заңдық және дипломатиялық жолмен реттеуге тырысып жатқанын көрсетеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадамды Таяу Шығыстағы тұрақтылықты сақтаудың жалғыз дұрыс жолы деп атады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0