«Істеген ісіне өкініп, кешірім сұрамады» - Қызылордада жыныстық құлдықта болған қыздың адвокаты
Адвокат Гүлайхан Турсуманова Қызылордада жыныстық құлдықта болған 16 жастағы қыздың ісіне қатысты сұхбат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Гүлайхан Турсумановаға «Не молчи KZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарласып, жағдайды баяндаған. Кейін адвокат қыздың өзімен жолығу үшін оның үйіне барыпты.
«Біз іске қатыса бастағанымызда негізгі 3 айыпталушыға үйқамақ жазасы тағайындалған еді. Бірақ біз апеллияциялық шағым түсіріп, оларды қаматтық. Қазір бұл іс бойынша 5 үкім шықты. 5 адам сотталды», - дейді ол.
Адвокат қалған айыпталушылардың ісі не болып жатқанын айтты.
«Қалған 8 айыпталушыға қатысты іс прокуратураға жолданды. Қаңтардың аяғы немесе ақпан айының басында сот отырысы басталады. Сотталушылар саны — 13 адам. Оның ішінде бесеуі кәмелет жасына толмаған», - дейді Гүлайхан Турсуманова.
Адвокат жәбірленушімен жиі байланыста екенін айтты. Ол емханаға жатып, ем алып шығыпты.
«Сотталушылардың арасында тек біреуі ғана өзінің кінәсін толық мойындап отыр. Қалғандары кешірім сұрамады. Істеген ісіне өкініп, кешірім сұраған жалғыз адам сол», - дейді адвокат.
Сіздің реакцияңыз қандай?