«Қабырғаға сурет салғаны үшін - 197 000 теңге»: тұрғын үйлерге қатысты жаңа талаптар бекітілді

“Әкімшілік кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша қоғамдық ортада, подъезге қоқысын қойып қойса, бірінші ретте учаскелік инспектор ескертеді. Екінші жолы қайталанса, әкімшілік хаттама толтырылады. Самокат, велосипед, балалар арбасын қойып қояды. Бірінші жолға ескертеміз, егер ескерсе, айыппұл салынбайды”, – деді Алматы қаласы полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Әділбек Қозыбеков.
- Көпқабатты үйдің дәлізінде шылым шеккені үшін – 58 000 теңге;
- Қоқыс тастағаны үшін – 78000 теңге;
- Қабырғаға сурет салып, жазу жазса – 197600 теңге айыппұл арқалайды;
- Егер вандализм қайталанып немесе қасақана жасалғаны анықталса, 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Сондай-ақ көпқабатты үйлерде түнгі 22:00-ден бастап таңғы 09:00-ге дейін тыныштық сақтау қажет. Көршілеріне артық дыбыспен кедергі келтіргендерге 19 660 теңге айыппұл салынады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






