Қарағанды – Астана автожолында жол апатынан бір адам қаза тапты
«Газель» мен Mercedes-Benz Sprinter көліктері Астана – Қарағанды автожолының 51-шақырымында соқтығысты. Жолаушылардың бірі ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек күні Шөптікөл ауылының маңында болған. Апат салдарынан «Газель» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған.
«ТМҚП қызметкерлері зардап шеккен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін ол Аршалы кентінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, көлік жолаушысы алған жарақаттарының салдарынан кейін ауруханада қайтыс болды.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0