Қарағандыдағы полиция пунктінде қайтыс болған қыздың ісінен кейін бірнеше сақшы қызметінен қуылды

Қарағандыдағы тірек пунктінде қайтыс болған қыздың ісінен кейін бірнеше полицей қызметінен қуылды.
Михайлов полиция бөлімінің бастығы, оның қызмет жөніндегі орынбасары және учаскелік полицейлер жұмысын қадағалаған орынбасары қызметтерінен босатылды. Сонымен қатар Қарағанды полиция басқармасындағы бірнеше басшы тәртіптік жазаға тартылып, сөгіс алған.
Оқиға 29 қыркүйекке қараған түні болған. Майор өзіне таныс қызды полиция тірек пунктіне шақырған. Бұған дейін де ол қызды түнгі кезекшіліктер кезінде жұмыс орнына ертіп келгені белгілі болды.
Ертеңіне, 30 қыркүйекте, аға учаскелік инспектор қызды диванда өлі күйінде, ал әріптесін жұмыс үстелінің жанында ес-түссіз күйде тапқан.
Дәрігерлер полицейді аман алып қалды, ол қазір ауруханада жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






