Қарағандылықтарға 3,1 млрд теңге қайтарылады: Монополистер тарифті негізсіз көтерген

Наурыз 10, 2026 - 11:42
app_badging Наурыз 10, 2026 - 11:48
chat_bubble  0 visibility  4
Қарағандылықтарға 3,1 млрд теңге қайтарылады: Монополистер тарифті негізсіз көтерген
pixabay.com

Қарағанды облысының тұрғындары коммуналдық қызметтер үшін артық төлеген 3,1 млрд теңгесін қайтарып алады. Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) департаменті 2024 жылғы есептерді талдай келе, 18 кәсіпорынның халықтан ақша жинап, бірақ жоспарланған жұмыстарды атқармағанын анықтады. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Департамент мамандары 73 субъекті ұсынған 200 есепті зерделеген. Нәтижесінде 18 кәсіпорын тариф арқылы ақша жинап, бірақ бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындамай, қаражатты өз мақсаттарына жұмсамаған немесе мүлдем игермегені анықталды.

Қайтарылатын қаражат бөлінісі:

сумен жабдықтау және су бұру қызметтері – 2,27 млрд теңге;

– электр энергиясын жеткізу қызметтері – 669,6 млн теңге;

– жылумен жабдықтау қызметтері – 107,7 млн теңге;

– кірме жолдар қызметтері – 3,7 млн теңге;

– газбен жабдықтау қызметтері – 55,6 млн теңге.

Айта кететәні, ақша қолма-қол берілмейді. Ол өтемдік тариф арқылы қайтарылады. Яғни, 2026 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 1 наурызға дейін тұрғындардың түбіртектеріндегі сома төмендетілген тарифпен есептеледі.

ТМРК департаменті бақылау жұмыстарын тоқтатпайтынын жеткізді. Егер сіз тұратын өңірде коммуналдық қызмет сапасы төмендесе немесе тариф негізсіз өссе, құзырлы органдарға хабарласуға құқығыңыз бар. Енді облыстағы әрбір монополистің шығыны ай сайын жіті қадағаланбақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0