Қаржаубай Нұрымовтың отбасы бір сотталушыға кешірім берді

Маусым 2, 2025 - 16:20
Маусым 2, 2025 - 16:22
Қаржаубай Нұрымовтың отбасы бір сотталушыға кешірім берді

2 маусымда өткен сот отырысында жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың отбасы кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқаққа кешірім берді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейрман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, 2007 жылы туған Думан Ысқақ 11-сыныпта оқиды. Ол ҚР ҚК-нің 434-бабы бойынша  - аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып жатыр.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотта сөйлеген сөзінде Шерзатқа пышақ салған Шынасыл екені толықтай дәлелденгенін айтқан еді. 

Оның ішінде күдікті ретінде берген жауабында «Шерзатқа пышақ сұғып алдым» деген сөзі бар екенін еске салды.

Тағы оқыңыз: Шерзат ісі: прокурор 7-23 жыл арасында жаза сұрады

Сот отырысы барысында қорғау құқығы бар Жақсыкелдінің және сотталушылардың бірі Абзалдың төбелестен кейін пышағын жуып жатқанын айтқан. Бұл – істегі маңызды эпизодтардың бірі ретінде тіркелді.

Сараптама нәтижесіне сүйенсек, Шерзаттың сол жақ өкпесінің жоғарғы бөлігіндегі жарақат оның өліміне себеп болған және ол денсаулыққа ауыр зиян келтіретін жарақат ретінде бағаланған.

Прокурор сарапшы Халимназаровтың қорытындысын келтіріп, жарақаттың тереңдігі 12 см болғанын, ал Шынасылдан алынған пышақтың жүзі 9,5 см екенін айтты. Сарапшының пікірінше, адамның терісі серпімді болғандықтан, пышақ сабының түбіне дейін кіріп кеткен. Бұл – пышақтың үлкен күшпен салынғанын көрсетеді.

Дана Сәрсенбай Шынасылдың сотты шатастыру үшін әртүрлі жауап бергенін атап өтіп, оның сөзіне сенуге болмайтынын жеткізді. Прокурордың айтуынша, Шерзатқа пышақ салған нақты тұлға – Шынасыл Абзал екені толық дәлелденген. Бұл жайтты екі бірдей сарапшы да растаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow