«Қатты өкінеміз»: Ерболат Жанабыловтың әйелі кінәсін толық мойындады

Сәуір 24, 2026 - 13:02
app_badging Сәуір 24, 2026 - 13:04
chat_bubble  0 visibility  1
«Қатты өкінеміз»: Ерболат Жанабыловтың  әйелі кінәсін толық мойындады

Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың сотында күтпеген  мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сот процесі аяқталар сәтте  айыпталушы Төлегенова соңғы сөзін пайдаланып, кінәсін толық мойындады.  Сот отырысына Ерболат Жанабылов адвокатымен, Эльмира Төлегенова онлайн байланыс арқылы қатысты.

Сот төрағасы соңғы сөз берілгенде, Төлегенова мен жұбайының әрекетіне толық жауапты екенін мойындап, істеген ісіне шын өкініп отырғанын айтты.

«Жасаған ісіміздің ауыртпалығын толық сезіндік, үлкен сабақ алдық. Заңды бұзғанымызға қатты өкінеміз. Жолдасым екеумізге бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауыңызды өтінемін», – деді айыпталушы.

Осыдан кейін Төлегенова процессуалдық келісім туралы арнайы өтініш түсірді. Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың ұстанымын нақтылады.

«Процессуалдық келісімді тек Төлегенова сұрап отыр ма, әлде Жанабылов та келісімге келуді қалай ма? Мұндай келісім жасау үшін айыпталушылар кінәсін толық мойындауы қажет», – деп түсіндірді прокурор.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0