Қайғылы жағдай: Елордада жүк көлігі 6 жасар баланы басып кетті

Астанада Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында күндізгі уақытта бала жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Елорда полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, Dongfeng жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі ішкі аула аумағынан өтіп бара жатып, велосипед теуіп келе жатқан алты жасар баланы басып өткен.
Бала ауыр халде медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады – бала алған жарақатынан көз жұмды.
Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
21 сәуірде Атырау облысында бала өліміне әкеп соққан тағы бір оқиға болды. Индербор ауылында Lada Priora көлігінің 30 жастағы жүргізушісі үш жасар баланы қағып кеткен.
Сәби алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. 21 сәуір күні кешкісін Оралда КамАЗ рұқсат етілмеген жерде жолдың қарсы бетінен жүгіріп өтіп бара жатқан алты жасар баланы қағып кетті. Бала ауыр жарақат алды.
2 сәуірде Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






