Қазақ анимациясының дамуына үлес қосқан суретші өмірден өтті
Қаралы хабарды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы жеткізді.
Белгілі суретші-аниматор, ұстаз, қазақ анимация өнерінің дамуына үлес қосқан Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қазақ анимациясының дамуына үлес қосқан суретші Алтынбек Өмірзақовтың қайтыс болғаны белгілі болды.
Қаралы хабарды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы жеткізді.
Алтынбек Өмірзақов – қазақ мультипликациясының негізін қалаушылардың бірі Әмен Қайдаровтан тәлім алған алғашқы шәкірттердің қатарында болды. Ол ұлттық анимация өнерінің қалыптасуы мен өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Бұдан бөлек, суретші Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде сабақ берді. Ұстаз ретінде жас аниматорлардың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, қазақ анимациясы мектебінің дәстүрлерін сақтап, кейінгі буынға жеткізуге еңбек сіңірді.
Марқұммен қоштасу рәсімі 18 қазан күні сағат 10:00-де Алматы қаласында өтеді.