Тарихи жеңіс: Қазақстан фристайл-акробатикадан Азия чемпионы атанды

Ақпан 11, 2025 - 10:14
Ақпан 11, 2025 - 10:20
Тарихи жеңіс: Қазақстан фристайл-акробатикадан Азия чемпионы атанды
ҰОК баспасөз қызметі

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында чемпион атанды. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшыларымыз синхронды секіруде үздік атанып, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.

Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Екінші орынға Қытай құрамасы (93,48 ұпай) жайғасса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді.

Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow