Қазақстан Иранмен барлық келісімді тоқтатты

Сәуір 16, 2026 - 11:56
 0  15
Қазақстан Иранмен барлық келісімді тоқтатты
Фото: gov.kz

Сенаттағы брифингте журналистер сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғыстың отандық бизнесмендерге әсерін сұрады. Ол көптеген бизнес жобалары қазір тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер күту режимінде. Дегенмен вице-министр нақты жобаларды атай алмады.

"Бізде астық жеткізілімдері болды. Азық-түлік өнімдерін өзара алмасу жобалары болды. Олар қазір тоқтап тұруы мүмкін", – деді Исетов.

Вице-министр инвестиция көлемі аз болғандықтан, соғыс салдарынан айтарлықтай шығындар болмағанын айтты.

"Иранмен жақсы серіктестік орнатқанымызды ескерсек, әрине, әсері бар, бірақ ол онша үлкен емес", – деп қорытындылады Исетов.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0