Қазақстандағы әлем чемпионы ең көп шыққан аудан анықталды

Наурыз 6, 2026 - 12:41
Наурыз 6, 2026 - 13:14
 0  22
Қазақстандағы әлем чемпионы ең көп шыққан  аудан анықталды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы спорттық жетістіктері бойынша рекорд орнатып отыр. Қазақстандағы чемпионы ең көп шыққан аудан – Шардара. Бұл туралы Түркістан облысының әкімідігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Биыл іргетасының қаланғанына 25 жыл толған «Шардара Армспорт» клубы  әлемдегі ең мықты мектептердің бірі ретінде танылды.

Атап айтқанда, 120 Әлем чемпионы, 119 Әлем чемпионатының жүлдегерлері, 87 Әлем кубогының иегері, 5 Әлемдік «Комбат» ойынының чемпионы бар. Сонымен қатар,  351 Азия чемпионы, 284 Азия чемпионатының жүлдегерлері, 97 Азия кубогының иегері, 555 ҚР чемпионы, 706 ҚР чемпионатының жүлдегерлері мен 85 Халықаралық турнир жеңімпаздары шыққан.

Одан бөлек, клубта халықаралық дәрежедегі 70 спорт шебері, 130 ҚР спорт шебері, 583 ҚР спорт шеберлігіне үміткер, 4 «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» және 2 «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» дайындалған. 

Қазіргі таңда клубта 500-ге жуық спортшы 32 білікті жаттықтырушыдан тәлім алады. Мұнда қол күресінен бөлек, дзюдо, бокс, таэквондо және ауыр атлетика сияқты оннан астам спорт түрі дамыған. Ең бастысы, 8 жастан асқан кез келген тұрғын спортпен ақысыз айналыса алады.

Айта кетейік, осынау бірегей спорт мектебінің негізін қалаушы – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арман Қарсыбаев. Шардаралық спортшылар ширек ғасыр ішінде республикалық және халықаралық ареналарда барлығы 3000-ға жуық жүлдеге ие болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0